Меню сайта (Сайт мәзірі)

Категории раздела (Санаттар бөлімі)
Астрономия [22]
Биология [65]
География [55]
Информатика [34]
Қазақ тілі мен Әдебиет [0]
Құқық [0]
Математика [0]
Саясаттану [0]
Тарих [0]
Физика [0]
Философия [0]
Химия [0]
Экология [0]
Экономика [1]

Статистика

Онлайн всего (Онлайнда барлығы): 1
Гостей (Қонақтар): 1
Пользователей (Қолданушылар): 0

Главная

Регистрация

Вход
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар әлемі


Понедельник (Дуйсенбі), 01.07.2024, 12:39
Главная (Басты) » Файлы (Файлдар) » Информатика

В категории материалов (Санаттағы матриалдар): 34
Показано материалов (Материалдар көрсетілген): 11-20
Страницы (Беттер): « 1 2 3 4 »

Сортировать по (Іріктеу): Дате (Датасымен) · Названию (Атымен) · Рейтингу (Рейтингпен) · Комментариям (Түсінікпен) · Загрузкам (Жүктеумен) · Просмотрам (Қарап шығуымен)

Компьютерлер әлемі

Есептеуіш техниканың даму тарихы Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек,есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.
 

Информатика | Просмотров: 906 | Загрузок: 17 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Компьютердің құрылғылары

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде

есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мүқтаж

болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ-кол саусақтары секілді

қарапайым қүралдар жеткілікті болды. Рылым мен техника

дамуына байланысты есептеу жүмыстарының қажеттілігі

артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар - абак, есепшот,

арифмометр, арнаулы математикалык кестелер шығарыла

бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық

физиканьщ даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмеи есептеу

істері көптеген материалдық ресурстарды жәнг адамның тікелей

араласуын талап ете бастады. Мысалы, "Манхеттен жобасын"

(АҚШ-тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу

жүмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей

есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын

тексеріп отырды.

Информатика | Просмотров: 3529 | Загрузок: 62 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Қолданбалы программалық жасақтама

Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:

-   жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

-   мәселелік бағытталған ҚПЖ;

-   интегралданған ҚПЖ

кіреді.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

-  мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

-  графикалық редакторлар;

-   электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;

-   мәліметтер қорын басқару жүйелері;

-   электрондық презентациялар және т.с.с.

Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар  -  белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

-   жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

-   таңбаларды айыру жүйелері;

-   статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;

-   ғылыми зерттеулер жүйелері

және т.с.с. жатады.

Информатика | Просмотров: 8423 | Загрузок: 137 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Web-бет дизайны, HTML

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.

Информатика | Просмотров: 1725 | Загрузок: 20 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Информация және информатика

 

     Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі информация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау - информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.

Информатика | Просмотров: 1179 | Загрузок: 19 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Интернеттің тарихы

Интернет осыдан 25 жыл бүрын АҚШ-ң қорғаныс министрлігінің  ARPnet тармағын радио және спутникалық жүйелермен байланыстырудың нәтижесінде пайда болған. ARPnet (Advanced Research Projects  Agency net)  эксперименталды жүйе болған. Ол әртүрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған. Негізгі мақсаты жүйенің кейбір бөлімдері істен шықсада ісін жалғастырады деп жасаған. Мәселен әуе соққылары кезінде, ARPnet  моделімен ЭЕМ-ң арасы және бастау адресатының арасында әрқашан байланыс бар. Торап  сенімділігі төмен болып саналады. Оның кез-келген кесіндісі кез-келген уақытта жоғалып кетуі мүмкін. Мысалы, бомбылағанда, кабелді кескенде.  Торап арқылы хабарды жіберу үшін ақпараттарды конвертке орналастыру керек. Бұл конверт торап аралық хаттама деп аталады.

Информатика | Просмотров: 875 | Загрузок: 16 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Интернет туралы ұғым

 

    Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр. 
    Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.

 

Информатика | Просмотров: 2290 | Загрузок: 25 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Интернет тарихы

    Интернет осыдан 25 жыл бүрын АҚШ-ң қорғаныс министрлігінің ARPnet тармағын радио және спутникалық жүйелермен байланыстырудың нәтижесінде пайда болған. ARPnet (Advanced Research Projects Agency net) эксперименталды жүйе болған. Ол әртүрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған. Негізгі мақсаты жүйенің кейбір бөлімдері істен шықсада ісін жалғастырады деп жасаған. Мәселен әуе соққылары кезінде, ARPnet моделімен ЭЕМ-ң арасы және бастау адресатының арасында әрқашан байланыс бар. Торап сенімділігі төмен болып саналады. Оның кез-келген кесіндісі кез-келген уақытта жоғалып кетуі мүмкін. Мысалы, бомбылағанда, кабелді кескенде. Торап арқылы хабарды жіберу үшін ақпараттарды конвертке орналастыру керек. Бұл конверт торап аралық хаттама деп аталады. 
 

Информатика | Просмотров: 3079 | Загрузок: 61 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Интернет жүйесі

Жиырмасыншы ғасырдың  аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының  әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында  Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет  еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл  ағылшынның   халықаралық  желі  деген  сөзі.

Информатика | Просмотров: 2010 | Загрузок: 22 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Интернет желісіне қысқаша сипаттама

 

Интернеттің негізін қалаған 1969 жылы АҚШ қорғаныс Министрлігінің сұрауымен құрылған ARPANet  желісі болды.

Сонымен қатар басқа елдерде де халықаралық желілер құрылды. Қазір Интернет түрлі елдерде мыңдаған желілер мен жүздеген миллион қолданушыларды байланыстырып отыр.

Интернетке қосылудың физикалық принциптері.

Ауқымды желіге тікелей қосылу қымбатқа түседі, сондықтан қолданушылардың компьютерлері Интернет желісімен негізінен интернет-провайдерлер арқылы байланысады.

Интернет-провайдер - әртүрлі байланыс жүйесіндегі клиенттік компьютерлердің Интернетпен қосылуын қамтамасыз ететін компьютерлік түйін.

Демек, клиенттік компьютерде Интернетпен жұмыс жасау үшін сәйкес байланыс жүйесімен қосатын құралдың болуы жеткілікті.

Провайдермен байланысудың келесі түрлері бар:

Модемдік байланыс. Ең қарапайым және арзан, сол себепті Интернетпен қосылудың ең кең тараған (тым болмаса өз елімізде) әдісі болып табылады.

   Мәліметтерді телефон желісі арқылы жеткізу құрылғысы модем деп аталады.

Модемнің негізгі атқаратын міндеттері:

-  телефон номірін автоматты түрде теру;

-  желінің келесі шетінде модеммен байланысты автоматты түрде орнату;

-  сандық мәліметтерді аналогтық сигналдарға ауыстырып, оларды байланыс желілеріне жеткізу;

-  байланыс желілерінен аналогтық сигналдарды қабылдап, оларды сандық мәліметтерге ауыстыру;

-  факстік хаттарды қабылдау және жіберу;

-  автожауапкер (автоответчик) қызметін атқару.

Информатика | Просмотров: 1890 | Загрузок: 25 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Форма входа (Кіру формасы)

Поиск (Іздеу)

Друзья сайта (Сайт достары)
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Қазақша рефераттар әлемі © 2024 Создать бесплатный сайт с uCoz