Меню сайта (Сайт мәзірі)

Категории раздела (Санаттар бөлімі)
Астрономия [22]
Биология [65]
География [55]
Информатика [34]
Қазақ тілі мен Әдебиет [0]
Құқық [0]
Математика [0]
Саясаттану [0]
Тарих [0]
Физика [0]
Философия [0]
Химия [0]
Экология [0]
Экономика [1]

Статистика

Онлайн всего (Онлайнда барлығы): 1
Гостей (Қонақтар): 1
Пользователей (Қолданушылар): 0

Главная

Регистрация

Вход
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар әлемі


Суббота (Сенбі), 29.06.2024, 09:09
Главная (Басты) » Файлы (Файлдар) » Информатика

В категории материалов (Санаттағы матриалдар): 34
Показано материалов (Материалдар көрсетілген): 1-10
Страницы (Беттер): 1 2 3 4 »

Сортировать по (Іріктеу): Дате (Датасымен) · Названию (Атымен) · Рейтингу (Рейтингпен) · Комментариям (Түсінікпен) · Загрузкам (Жүктеумен) · Просмотрам (Қарап шығуымен)

Электрондық есептеуіш машиналардың дамуы мен қазіргі ғылым мен техникадағы маңызы

 

Қазіргі кезде адамзаттың тыныс-тіршілігі электррондық құрылғылардың жұмысына негізделген. Ғылымда, медицинада, техникада, ғарыштануда, т.б. көптеген салаларда кездесетін электрондық аппараттар адм жұмысын күннен-күнге жеңілдетіп, дами түсуде. Қарапайым тұрмыстық тіршілікте де автокөліктермен қатар көптеген жетілдірілген құрылғылар қолданылып келеді: шаңсорғыш, бейнекамера, кір жуатын машина, компьютер, фотоаппарат, т.с.с.
    Электрондық құрылғы – жұмыс жасау негізіне электроника принциптері салынған бұйым және оның құрамдық бөліктері.
Электроника – электрондық құрылғыларды жасақтау мен зерттеуді, оларды қолданудың принциптерін зерттеуді қамтитын ғылым саласы. Электрониканың дамуының негізінде электрондық құрылғылардың орындайтын функцияларының үздіксіз күрделіленуі жатыр. Белгілі бір даму этаптарында ескіә құрылғылар көмегімен берілген мінцдеттерді атқару мүмкіндігі жойыла бастайды, мысалы, электрондық лампалар мен дискреттік транзисторлар көмегімен. Сондықтан, элементтік базаның әрі қарай жетілдірілуі қажет болады. Жаңа элементтік база негізіндегі электрондық құрылғыны жасақтаудың негізгі факторлары – сенімділік, гаабариттік өлшемдер, масса, құны мен қуаты.

 

Информатика | Просмотров: 1429 | Загрузок: 20 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

ЭЕМ-нің тарихы

     Есептеуіш техниканың даму тарихы Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек,есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.
 

Информатика | Просмотров: 2409 | Загрузок: 98 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Турбо Паскаль тіліндегі басқарушы операторлар

Паскаль тілі - программалаудағы  өте жаќсы  тіл. Бұл  тіл жеңіл, түсінікті  болып  оќылады. Паскаль тілі  жазылудың, яғни  ќұрылымын үйретеді. Паскаль тілі  Бейсик  тіліне  ќарағанда  өте жеңіл  тіл. Паскаль тілінде   әртүрлі  типтермен  рекурсиямен  жұмыс  істеуге болады.

Паскаль тілінің  шығу  тарихына  тоќталатын  болсаќ. Алгоритмдік тіл  АЛГОЛ  1950-60  жылдары  шыќќан. Паскаль тілі  осы АЛГОЛ-дың  мұрагері болып  табылады. Бұл  тілді  шығарған  швейцардың  ғалымы НИКЛАУС ВИРТ ол осы  тілмен  өз  студенттерін  үйреткісі  келді.

Паскаль  тілі  70- ші жылдары  пайда болады. Паскаль тілі, АЛГОЛ тіліне  ќарағанда  жеңіл  және түсінікті. Бұнда  енгізу  және шығару процедуралары бар  және  АЛГОЛ  тіліне  ќарағанда  мүмкіндігі өте көп.

         BORLAND фирмасының  TURBO PASCAL тіл стандартының   кеңейтілген түрі  болып  табылады. Сонымен ќатар программа  ќұрылуының  процесін  жылдамдататын  және жеңілдететін  интегрерленген ортасы бар. TURBO PASCAL   пайда  болғанға  шейін  бұл  программалыќ  өнім   жеті версиядан өтті.

Информатика | Просмотров: 2848 | Загрузок: 42 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Санау жүйесi. Санау жүйесінің түрлері. Бір санау жүйесінен екіншісіне өту жолы.

         Сан түсiнiгi – математикалық сияқты ақпараттануда да басты негiз. Егер математикада сандрды өңдеу әдiстерiне көп көңiл бөлiнетiн болса, онда ақпараттану үшiн сандарды ұсынуды пайдаланады. Себебi, тек солар ғана жадтың қажеттi қорын, жылдамдықты есептеуде жiберетiн қатенi анықтайды.

         Санау жүйесi деп белгiлi бiр мөлшердегi таңбалардың көмегiмен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы. Санау жүйесi екi топқа бөлiнедi: позициялық және позициялық емес.

Позициялық емес санау жүйесiнде әрбiр цифрдық мәнi оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесiнiң мысалы ретiнде римдiк жүйенi алуға болады. Осы жүйеде жазылған ХХХ санында Х цифры кез келген позицияда 10-ды бiлдiредi. Позициялық емес санау жүйесiнде арифметикалық әрекеттердi орындау қиын болғандықтан, позициялық санау жүйесi қолданылады.

Информатика | Просмотров: 3522 | Загрузок: 105 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

СorelDraw - векторлық графикалық редактор

    СorelDraw – машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы.

    Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық кітапталарын, фотографиялық шын және фантастикалық шын емес бейнелейлерді; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге қарапайым құрал.

Информатика | Просмотров: 1473 | Загрузок: 24 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Процессор - компьютердің жүрегі

Процессорды компьютердің жүрегі десекте болады. Компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады. Intel-дің екі ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың жиілігін жоғарлатудан жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарлаған сайын оның жылу бөлуі де жоғарылайды. Бұл әрине тиімсіз болды. Бұны бір корпусқа екі процессор орнату арқылы жеңді. Процессорлар такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен, платаға орналасатын ұяшықтарының түрімен әр түрге бөлінеді.
 

Информатика | Просмотров: 4974 | Загрузок: 52 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Мәліметтер қорлары және МҚБЖ

 Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың  өзара байланыстағы жиынтығы. МҚ-ның негізгі мақсаты – нақты өмірдің объектілері туралы өте үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстарды ескере отырып өңдеу. МҚ іргелі ұғымдары – объект, атрибут, байланыс.

Информатика | Просмотров: 2020 | Загрузок: 24 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Компьютерлік желілер, түрлері

 Қазіргі заманғы өндіріс ақпаратты жоғары жылдамдықта өңдеуді, оны өңдеу және берудің тиімді формаларын қажет етеді. Осы мақсатта компьютерлік желілер құрылады.

Информатика | Просмотров: 1210 | Загрузок: 18 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Компьютерлік желілер

 Компьютерлік желілер және оның ұғымы, түрлері

Қазіргі уақытта компьютерді қолданудың ең маңызды аясы көптеген қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін желілерді құру болып табылады.

Желіге компьютерлерді біріктіру үлкен сыйымдылықты дискілерді, принтерлерді, негізгі жадыны, программалық құралдарды бірге қолдану болып табылады.

Компьютерлік желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің жиынтығы. 

Компьютерлік желілер – деп әртүрлі қорларды мысалы программаларды, құжаттарды және  принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегімен арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады.

Информатика | Просмотров: 3739 | Загрузок: 71 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Компьютерлік ақпаратты қорғау мәселесі

 Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға жұғуға қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

Информатика | Просмотров: 1286 | Загрузок: 17 | Добавил: Akhmetov | Дата: 13.09.2016 | Комментарии (0)

Форма входа (Кіру формасы)

Поиск (Іздеу)

Друзья сайта (Сайт достары)
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Қазақша рефераттар әлемі © 2024 Создать бесплатный сайт с uCoz