Меню сайта (Сайт мәзірі)

Категории раздела (Санаттар бөлімі)
Астрономия [22]
Биология [65]
География [55]
Информатика [34]
Қазақ тілі мен Әдебиет [0]
Құқық [0]
Математика [0]
Саясаттану [0]
Тарих [0]
Физика [0]
Философия [0]
Химия [0]
Экология [0]
Экономика [1]

Статистика

Онлайн всего (Онлайнда барлығы): 1
Гостей (Қонақтар): 1
Пользователей (Қолданушылар): 0

Главная

Регистрация

Вход
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар әлемі


Воскресенье (Жексенбі), 29.09.2024, 07:22
Главная (Басты) » Файлы (Файлдар) » Биология

Қан арқылы газдардың тасымалдануы
[ СКАЧАТЬ (ТЕЗ ЖҮКТЕУ) (38.0 Kb) ] 06.03.2014, 18:09

Қан арқылы газдардың тасымалдануы

 

Тыныс алу процесіне катысатын екінші газ - көмірқышқыл газының тек қана 2,7 көлем пайызы еріген күйде, 4-5 көлем лайызыгемоглобинмен қосылыс түрінде (НвСО2) тасымалданады да, негізгі бөлігі бикарбонаттарға айналады. Қанда еріген көмір қышқыл газы тыныс алу және қан айналым процестерін реттеуде, капиллярлардағы зат алмасу процестерінде зор рөл атқарады.

Ұлпаларда түзілген көмір кышқыл газы ұлпалық сұйық арқылы қан плазмасына өтіп, одан кейін эритроциттердің ішіне енеді де,карбогидраза ферментінің ықпалымен суға қосылып көмір қышқылы (Н2СО3) түзіледі. Бұл  қышқыл қышқылдық қасиеттері жағынан қалыпты гемоглобиннен (оттегінен ажыраған гемоглобиннен) басым. Бұл  процесті төмендегіше бейнелеуге болады.

КНвО2 + Н2СО3 = ННв + О2 + КНСО3

Сонымен, көмір қышқыл газын эритроциттер калий бикарбонатытүрінде тасымалдайды. Эритроцит мембранасы көмір қышқыл газын жақсы өткізетін болғандықтан оның ішіңде көмір қышқылының концентрациясы өсе түседі. Бұл  қышқыл Н+ және  НСО3-иондарына ажырайды да, НСО3иондарының артық мөлшері плазмаға шығады, олардың орнына плазмадан эритроциттерге С1 ионы енеді. Осының нәтижесінде плазмада Na+иондары босап, олар НСО3 иондарымен қосылады да, натрий бикарбонаты түзіледі. Демек, плазма арқылы көмір қышқыл газы натрий бикарбонаты түрінде тасымалданады.

Жоғары сатыда дамыған организмдердің тамаша ерекшеліктерінің бірі - олардың өз денесінде қажетті заттардың қорын жинау қабілеті. Осымен байланысты организмде белоктардың, көмірсулардың, майлардың, минералды заттардың т.б. қорлары болады. Организм тіршілігін сақтау үшін оттегі де өте қажет, сондықтан тыныс тоқтаса санаулы минутта тіршілік тоқтайды, организм өледі. Организм үшін ауа құрамында оттегінің болуы ғана шарт емес, ауадағы оттегінің физикалық күйі маңызды. Себебі организмдегі тотығу процесі оттегінің табиғи молекуласының қатысуымен емес, оның теріс зарядталған иондарының қатысуымен жүреді. Ал мұндай  иондар тыныс жолдарында онда бөлінетін шырыштыңәсерімен пайда болады. Өкінішке орай оттегі иондары көп сақталмайды, олар бар болға-ны 10 минут ішінде бұзылады. Осымен байланысты организмде оттегі қоры жиналмайды.

Көп жағдайда заттардың оттегімен қосылуын тотығу деп санайды.Электрондық теорияға сәйкес тотығу - атомның, молекуланың неионның электронды беруі. Тотығу нәтижесінде әдетте энергия бөлінеді. Ал гемоглобин құрамында темір молекуласы болуымен байланысты ол оттегімен тұрақсыз, қайтарымды қосылыс - оксигемоглобин түзеді. Гем құрамындағы  темірдің әрбір атомы оттегінің бір молекуласымен байланысады, басқаша айтқанда гемоглобиннің бір молекуласы оттегінің төрт молекуласын қосып алады. Бұл  құбылысты мына реакция түрінде бейнелеуге болады:

Нв4

О2 = Нв4ОО, = Нвл (О2)2

Нв42')22 = Ь Нв42)32 = Нв42)4

Бұл  реакциялардағы оттегінің гемоглобинмен қосылуы тотығупроцесіне жатпайды, себебі реакция кезінде темір атомы электрон жоғалтпайды, темір екі валентті күйінде қалады. Сол себепті бұл  процесстотығу (оксидация) емес, оттегімен қанығу (оксигенация) деп аталады.

Организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау, құрылымдарын өзгертіп,жаңарып отыру үшін көп мөлшерде қуат шығындайды. Ал,организмнің шығындаған қуаты белоктардың, көмірсулардың, майлардың тотығуы нәтижесінде толықтырылып отырады. Өз кезегінде тотығу процесін жүргізу үшін оттегі қажет. Денеде оттегі қоры болмайтындықтан организм оны өзіне қажетті мөлшерде қоршаған ортадан алып отырады. Бұл  қызметті тыныс алу мүшелері атқарады.

Категория (Санат): Биология | Добавил (Қосқан): Akhmetov | Теги (Тегтер): Қан арқылы газдардың тасымалдануы
Просмотров (Көрсетілімдер): 1351 | Загрузок (Жүктеулер): 17 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев (Комментарий саны): 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа (Кіру формасы)

Поиск (Іздеу)

Друзья сайта (Сайт достары)
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Қазақша рефераттар әлемі © 2024 Создать бесплатный сайт с uCoz